Қазақстанда жаңа дизайндағы банкноттар айналымға шығады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Реттеуші жаңа банкноттарды шығару жоспарлары туралы Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

"2025 жылдың төртінші тоқсанында жаңа үлгідегі 500 теңгелік банкноттар, ал 2026 жылы – 20 000 теңгелік банкноттар айналымға енгізіледі", – деп хабарлады Ұлттық банк.

Еске салайық, 2024 жылдың басында Ұлттық банк 500-ден 20 000 теңгеге дейінгі барлық банкноттарды ауыстыру жоспары туралы айтқан болатын.