Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте елде Жасанды интеллект министрлігі құрылатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында айтты.
— Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы қажет. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.