2025 жылдың қаңтарынан бастап жәрдемақылар 6,5%-ға индекстелді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бала тууына арналған жәрдемақы:
-Бірінші, екінші және үшінші балаға – 149 416 теңге (38 АЕК).
-Төртінші және одан көп балаға – 247 716 теңге (63 АЕК).
1,5 жасқа дейін бала күтіміне төленетін жәрдемақы (ай сайын):
-Бірінші балаға – 22 648 теңге (5,76 АЕК).
-Екінші балаға – 26 777 теңге (6,81 АЕК).
-Үшінші балаға – 30 866 теңге (7,85 АЕК).
-Төртінші және одан көп балаға – 34 995 теңге (8,9 АЕК).
Жұмыс істейтін азаматтар үшін:
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жүктілік пен босануға байланысты төлемдер тағайындалады.