Қазақстанда жол апаттарына ұшыраған азаматтарды қорғау күшейтіледі

. Жоба бойынша сақтандыру сомаларын ұлғайту көзделіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Татьяна Савельева атап өткендей, заң жобасы көлік иелері мен тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыруды жетілдіруге арналған. Ол азаматтардың мүдделерін қорғауды күшейтуді көздейді.

"Заң жобасы көлік иелерінің және тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Жоба сақтандыру сомаларын көбейту, төлем алушылардың санын кеңейту, мұрагерлерді хабардар ету міндетін енгізу және азаматтарға тәуелсіз сараптама алу құқығын беру арқылы ЖКО-да зардап шеккендердің құқықтарын қорғауды күшейтуді мақсат етеді", – деді депутат.

Автор: Caravan.kz