Қазақстанда жұмыс берушілер зейнетақыға көбірек ақша аударады 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда болашақ зейнетақыны қалыптастыруда жұмыс берушінің рөлі артып келеді. Зейнетақы жүйесінің маңызды бөліктерінің бірі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ).

Жаңа жүйеге сәйкес, жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлер үшін зейнетақы жарнасын өз қаражаты есебінен аударады.

ЖМЗЖ 2024 жылдан бастап 1,5% мөлшерлемемен енгізілді. Алдағы жылдары бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен өседі.

Атап айтқанда:

•    2026 жылы жарна көлемі қызметкер табысының 3,5%-ын; 

•    2028 жылға қарай 5%-ын құрайды. 

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс ынтымақты зейнетақы үлесінің біртіндеп азаюына байланысты енгізіліп отыр.

Жаңа тетік:

•    азаматтардың жоғалған табысын өтеуге; 

•    зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға; 

•    мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті тең бөлуге бағытталған.