Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы қалай таңдалады?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тамыздың басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру үшін конкурс өткізуді ұсынған еді.

"Бұл нысанның әзірге атауы жоқ. Өйткені ол еліміздегі тұңғыш нысан болғандықтан, бүкіл ел бойынша ең жақсы атауға конкурс жариялауға болады деп есептеймін. Сіздерді де қатысуға, креатив танытуға шақырамын. Мүмкін, сіздердің ұсыныстарыңыздың бірі шешім қабылданар сәтте жарап қалар", – деді Қазақстан Президенті.

"Ваш профессиональный маркетолог" атты блогер өз Telegram-арнасында АЭС атауын белгілі бір компанияға белгілі бір мерзімге сату туралы идея айтқан. Оның айтуынша, мұндай тәсіл бюджетке қосымша табыс әкелер еді.

"Мен салынып жатқан АЭС атауын, мысалы, 10 жылға кез келген қызығушылық танытқан компанияға сататын едім. Мәселен, Siemens, ABB немесе Samsung. Ақша қарызды өтеуге жұмсалады, мерзімі өткен соң атауды қайта сатуға болады. Ал егер сатып алушы болмаса, басқа кез келген атау беруге болады. Әдемі нөмірлер бюджетке пайда әкелсе, АЭС те солай табыс әкеле алады", – деп жазды ол.