Қазақстандағы әрбір екінші неке ажырасумен аяқталып жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтар жиі ажырасып, некеге аз тұра бастады.

Өткен жылы 114,5 мың неке тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда шамамен 8%-ке аз.

Ал ажырасу саны 12%-ке өскен. Өткен жылы 45 мыңнан астам неке бұзылды.

Қазақстандағы әрбір екінші неке ажырасумен аяқталады. Егер үш жыл бұрын 100 некеге 14 ажырасу болса, өткен жылы 40-қа жуық болған.

"Бұл модернизацияның нәтижелері, бұл қазіргі заманның қозғалысы, әлемдік үрдіс. Меніңше, онымен күресудің қажеті жоқ. Адамдар кейінірек жетіліп, сәйкесінше кейінірек үйленеді", - дейді Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Құралай Мұхамбетова.

Маңызды факторлардың бірі - елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай. Төмен жалақы, жұмысқа орналасу проблемасы бар және қол жетімді баспана тапшы. Бұл ретте баспаналы болу да басты мәселе болып отыр.