Қазақстандағы мопедистерге жаңа талаптар қойылады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Игорь Лепеха қазір Ішкі істер министрлігі түзетулердің екінші пакетін әзірлеп жатқанын, ол қабылданғаннан кейін мопед жүргізушілерінің қозғалысының тәртібі реттелетінін айтты.

"Барлық мопедтер, қозғалтқыш көлеміне қарамастан, көлік құралы ретінде жіктеледі және оларды жүргізу үшін сізге "А1" санатындағы жүргізуші куәлігі, 16 жастан куәлік қажет. Тиісінше, біз осы мопедтердің барлығын тіркеп, тексереміз", – деді вице-министр.