Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 697 теңге, базалық зейнетақы – 42 704 теңге", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 549,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 487,5 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 61,8 миллиард теңге бағытталған.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 383 мың адам.