Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 98,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 678,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 419,9 миллиард теңге қарастырылған.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 489 мың адам.
"2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 529 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 912 теңге, базалық зейнетақы – 47 617 теңге", - делінген хабардамада.