Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 395,2 млн теңге жұмсалған. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 131,3 млн теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 263,9 млн теңге бағытталған.2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны - 2 млн 538 мың адам.

Министрлік 2026 жылғы 1 ақпанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болғанын мәлімдеді. Соның ішінде ынтымақты зейнетақы – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге.