Қазақстандағы суицид толқынына «Вертер синдромының» қандай қатысы бар?

Қоғамда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің көбеюіне қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Саясаттанушы мамандар сандарды сөйлетіп, халықты жұбатуға кірісті. Ал министрлік суицидтің өршуін "Вертер синдромымен" байналыстырып, журналистер мен БАҚ құралдарына ақпарат жарияламауға шақырып жатыр. Нәтижесінде ата-аналар мен жасөспірімдер назардан тыс қалып отыр. Caravan.kz медиа порталы осы тақырып төңірегіндегі пікірлерге тоқталады.

Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар Алматыда орын алды. Бір апта ішінде оңтүстік астанада 4 жасөспірім қыз бен екі ұл, ал кеше Астанада ересек адам өз-өзіне қол жұмсады.

Суицидтің жаңа толқыны халықтың бойында үрей тудырды. Ал кейін қызықты пікірлер айтыла бастады. Саясаттанушы Марат Шибұтов сандарды сөйлетіп, халықты жұбатуға тырысты. Айтуынша, өткен жылы елімізде 4 мыңға жуық адам өзіне қол жұмсаған. Оның 262-і Алматылықтар. Яғни, аптасына бес жағдай тіркелген екен. Ал биыл он күн ішінде 4 қыз бен 2 ұл. Оның айтапғы бәрі сол деректерге сай.

Артынша мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің телеграмм арнасында жазба жариялады. Оның пікірінше, суицид тақыбырын БАҚ беттерінде жариялау «имитациялық суицид» деп аталатын жағдайларды тудыруы мүмкін.

«Вертер әсері» – бұл феномен, суицид туралы ақпараттар жарияланғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының көбеюін көрсетеді, әсіресе мұндай хабарламалар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таратылған кезде байқалады. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, суицид туралы жарияланымдар «имитациялық суицид» деп аталатын жағдайларды тудыруы мүмкін”,- деп жазды депутат телеграмм арнасында.