Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау 25 қыркүйектен басталып, 25 қазанға дейін жалғасады, - деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.
Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:
– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;
– Энергия, озық материалдар және көлік;
– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
– Елдің зияткерлік әлеуеті;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік ғылыми бағыттары.
Айта кетейік, ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде "ҰМҒТСО" АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz арқылы беріледі.