Қазақстандық актер Путиннің қолынан марапат алды

Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшігі хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Өнер иесі бұл жоғары мемлекеттік наградаға шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтау және насихаттауға қосқан зор үлесі үшін ие болды.

Сергей Матвеев Ресей президентіне алғысын білдірді.

“Құрметті Владимир Владимирович, бұл марапат мен өкілдік ететін ұжымның — Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының еңбегіне деген құрмет пен жетістіктердің белгісі. Бірақ бұл марапат мен үшін де ерекше маңызды, өйткені соңғы жылдары мен «Пушкинмен оңаша» атты моноспектакль жасау үстінде болдым. Ал марапаттың аты да «Пушкин медалі» болғандықтан, мен ұлы ақынның шығармашылығымен, оның кейіпкерлерімен — Скопой, Герман, Мефистофель және Фауст бейнелері арқылы — тығыз байланыста болдым”, - деді актер.