Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
210 млн тг сыйақы алады...
Олимпиада чемпионы атанған боксшыларға осынша төлем қарастырылған. Яғни, Қазақстан бокс федерациясы алтын жүлдегерге 220 мың доллар береді. Ұлттық валютаға шаққанда - 98 миллион теңге. Бұған қоса, мемлекет тарапынан 250 мың доллар, яғни, 111 миллион теңге тағы бар. Екеуін қосқанда жазғы ойындардың жеңімпазы 210 миллион теңге алады. Плюс 3 бөлмелі пәтер.
Қаржылай қолдау жағы, сөзсіз, керемет. Өзіндік рекорд деуге де болады. Басқа елдер осынша шашыла қоймайды. Тіпті, ешқандай сыйақы бермейтін мемлекеттер де бар. Осы тұрғыда спорт жанкүйерлерінің пікірі екіге жарылды. Бір тарап бастаманы қолдайды. Өйткені, спортшылардың кәсіпқой мансабы қысқа. Оның үстіне олимпиада сияқты әлемдік аламанда топ жару оңай емес. Жеңіске жетіп жатса, көк туымызбен қатар иммиджіміз де көтеріледі. Екінші тарап шығынның негізсіз екенін алға тартады. Өйткені, елде бұдан да басқа мәселе көп. Әсіресе, дәл қазір... Қаржылай қолдауды ең алдымен сол жақтарға жұмсаса дейді.
Ал, сіз не айтасыз?