Қазақстандық дәрігерлерді оқытуға израильдік мамандар тартылуы мүмкін 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Израиль медициналық кадрларды даярлау, тәжірибе алмасу және заманауи медициналық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты талқылады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов Израильдің Berman Group компаниясының директоры Марк Берманмен кездесті.

Тараптар қазақстандық дәрігерлерді тәжірибеге бағытталған оқыту, сондай-ақ Қазақстандағы медициналық ұйымдарда израильдік мамандардың қатысуымен мастер-кластар өткізу мүмкіндігін қарастырды.

«Алынған білім мен технологиялар біздің медициналық ұйымдарда қолданылып, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға қызмет етуі тиіс», – деді Манас Рамазанов.

Кездесуде мамандар даярлау, кәсіби тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелеріне де назар аударылды.