Қазақстандық дзюдошылар European Open турнирінде бақ сынайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Польшаның Варшава қаласында өтетін European Open 2026 турниріне қатысатын балуандардың тізімін жариялады.

Байрақты бәсекеде қазақстандық балуандар да белдеседі. Ұлттық құраманың тізімі төмендегідей.

Ерлер

60 келіге дейін: Сұңғат Нұрлатұлы, Нұрдәулет Мейрамбеков, Асылхан Зейнуллин, Тоқтар Үмітәлиев

66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ақжігіт Насыр

73 келіге дейін: Мәди Жеткерген, Ерсұлтан Дүйсенхан

81 келіге дейін: Азат Күмісбай, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Ерзат Арғынов

90 келіге дейін: Ақжол Дүйсенбаев, Данил Крылов, Айбол Нысанәлі

100 келіге дейін: Асқар Біржанов

100 келіден жоғары: Санжар Жабборов

Әйелдер

48 келіге дейін: Тасним Әбдуәлі, Іңкәр Құралбай, Аяна Дүйсенбай

52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова

57 келіге дейін: Карина Қаракенова

63 келіге дейін: Асылжан Орынбасарова, Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова, Дәмелі Асылханова

70 келіге дейін: Мөлдір Нарынова, Кристина Сотникова

78 келіге дейін: Шынар Абатова, Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары: Камила Берліқаш