Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-тың еншілес ұйымы «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының» ғалымдары «W-баланс» функционалдық сары май – өсімдік майы негізіндегі спредті өндіру технологиясы мен рецептурасын әзірледі. Әзірлеменің ерекшелігі – Омега-3 пен Омега-6 полиқанықпаған май қышқылдарының арақатынасын 1:5 деңгейінде қамтамасыз ететін сүт майы, рапс және зығыр майларының үйлестірілуінде.