Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік ғылыми ұйымдардың,сондай-ақ мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік тапсырысты орындайтын ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі түзетулер жобасын әзірледі.
Қолданыстағы еңбекақы төлеу қағидаларын жаңа редакцияда бекіту ұсынылып отыр.
Ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында жоба арқылы еңбекақы жүйесіне бірқатар жаңашылдық енгізілген.
Атап айтқанда, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында жұмыс істейтін ғылыми қызметкерлердің лауазымдық айлықақысын есептеу коэффициенттері қайта қаралды.
Қаржыландыру түрлері бойынша коэффициенттер ұлғайтылды:
Нәтижесінде аталған қызметкерлердің лауазымдық айлықақысы 25 пайызға артады.
Министрлік мәліметінше, ғылыми дәрежеге, ғылыми атаққа берілетін үстемақылар мен жетістіктер үшін төленетін қосымша ақыларды есептемегенде, еңбек өтілі жоқ кіші ғылыми қызметкердің жалақысы 432,2 мың теңгені құрайды. Ал бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының жетекшісі, бас ғылыми қызметкер, 25 жыл және одан жоғары еңбек өтілі бар профессордың жалақысы 1 396,9 мың теңгеге жетеді.
Сонымен қатар ғылыми қызметкердің жетістіктері үшін жаңа қосымша ақы түрі енгізіледі. Ол белгіленген жетістіктер шкаласы бойынша жиналған балл санына қарай 47,5 мыңнан 522,5 мың теңгеге дейін төленеді.
Бағалау бес көрсеткіш негізінде жүргізіледі:
Құжат Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 30 шілдедегі нұсқамасын орындау мақсатында әзірленген.
Түзетулер жобасы 2026 жылғы 16 ақпанға дейін көпшілік талқылау үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында орналастырылған.