Қазақстандық мектептерде буллингке қарсы бағдарламаны іске асыру жалғасады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазды  Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

«Пилоттық бағдарламаны жүзеге асыру үшін аймақтарды таңдау кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен аутодеструктивті мінез-құлық көрсеткіштерін ескере отырып жүргізілді. Бағдарламаны апробациялау барысында пилоттық мектептердің барлық қызметкері үшін мектеп ұжымдарында даулы жағдайлардың туындауына әсер ететін себептер мен факторлардың алдын алу және анықтау бойынша оқыту ұйымдастырылатын және практикалық іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ «ДосболLIKE» бағдарламасын іске асырудың міндеттері мен әдістерін түсіндіру бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған түрлі іс-шара қарастырылған», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. 

Айта кетейік, аталған жұмыс оқу жылының соңына дейін жалғасады, бұл бағдарламаның нәтижелілігін неғұрлым тиімді бағалауға және оны елдің білім беру ұйымдарында одан әрі енгізу үшін қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.