«Қазақстандық Ник Вуйчич» Байқоңыр ауданындағы футбол турниріне қатысты

Талдықорған өңірінің тумасы Али - өзінің ерекшелігіне қарамастан жастайынан футболға әуес. Тіпті өзінің футболға деген қызығушылығының арқасында Месси, Роналдо секілді әлем чемиондарымен де кездескен. Тіпті Марадона, Мбаппе, Неймар спорт жұлдыздарымен бір алаңда ойнаған.

Осылайша танылған Али Тұрғанбаев бүгінгі аула мерекесі барысында елорданың жас спортшыларын мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, бүгінгі мереке барысында тұрғындар игілігіне тапсырылған барлық аулада футболдан турнир өткізілді. Турнирге қатысушылар арасынан үздік ойыншылар мен үздік командалар анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды, сыйлықтар табысталды.