Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

🏆 Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 3 қола бар.

🥇 Жан Даутов — Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

🥈 Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;

🥈 Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;

🥉 Марғұлан Шарел — Тараз қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

🥉 Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;

🥉 Әмір Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.

Жетекшілері – PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов. 

Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысу арқылы осы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалып, тәжірибе жинайтын болады.