Елімізде олигархтар жетеді. Олар миллиардтаған компанияларды басқарып отыр. Осы тұста кім қанша қаражат бөлгенін Caravan.kz медиа порталы жаза кетпек.
Kaspi.kz құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының тұрғындарына үйлерді қалпына келтіруге, тұрғын үй сатып алуға және салуға 20 млрд теңге көлемінде ақша бөлді.
Ал Болат Өтемұратовтың қоры Ақтөбе облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына 10 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінетінін хабарлады.
Тимур Құлыбаев Атырау облысындағы су тасқынының салдарын жоюға 30 млрд теңге бөліпті.
Бірқатар квазимемлекеттік және жекеменшік компаниялар қазақстандықтарға көмек көрсетуге жедел ден қойды. Ең қомақты соманы «Самұрық-Қазына» АҚ жасады – 15 млрд теңге, одан кейін «Қазақстан халықына» қоры – 5 млрд теңге, ал Қазатомөнеркәсіп үздік үштікті – 3 млрд теңгемен түйіндеді.
Банктер де шет қалмады, мысалы, Тимур мен Динара Құлыбаевтарға қатысы бар Халық банкі 1 миллиард теңге жіберді. Freedom holding корпорациясының иесі Тимур Турлов – 1 миллиард теңге, Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзенің Kaspi банкі 620 миллион теңге аударды. Кәсіпкер Болат Өтемұратов өз қоры арқылы 680 миллион теңге қайырымдылық жасады.
BI group пен Qazaq stroy құрылыс компаниялары су тасқынының салдарымен күресу үшін әрқайсысы 500 миллион теңгеден бөлді. Дәл осындай соманы Нұрлан Смағұловтың «Астана Моторс», Андрей Лаврентьевтің Аллюр және Қармет компаниялары да аударатын болды.