Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кірістер комитетінің мәліметінше, бұл сегіз блогер бюджетке 70 миллион теңгеден астам салық төлепті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Ал бұған дейін тізімге енген блогерлерге қатысты ақпараттың рас-өтірігіне қатысты ішкі істер министрлігінің өз айтары бар. Борышкер блогерлер тізімге қатысты ақпарат тарату дерегі тіркеліп, әрі қарай Астананың полиция департаментіне жіберілген.
"Әлеуметтік желілерде блогерлердің деректері бар тізімді тарату ІІМ ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, материал Астана полиция департаментіне жіберілді. Материалды қарағанда осы тізімнің шын екенін анықтау үшін шаралар қабылданады".ҚР Ішкі істер министрлігі