Қазақстандық теннисші Вальднер кубогында Азия құрамасының атынан өнер көрсетеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық Кирилл Герасименко Азия құрамасының сапында өнер көрсетеді. Азия құрамасында сондай-ақ алты дүркін Олимпиада чемпионы Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Вуджин, Лим Джонхун, Шин Юбин және Маника Батра ойнайды.

Әлем құрамасының сапында  Халықаралық үстел теннисі федерациясы ХХ ғасырдың үздік ойыншысы деп таныған Ян-Уве Вальднер, Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадет Сёч өнер көрсетеді.