Қазақстандық түлек әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Лицейіміздің мақтанышы Алтынбек Айсұлтан әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алды. Олардың ішінде ең беделді 10 халықаралық университет бар", - деп жазылған хабарламада.

Айсұлтан шақырту алған үздік университеттер қатарында мына ЖОО-лар бар:

"Бұл оқу орындары - жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер. Айсұлтанның жалпы иеленген гранты - $4 614 000. Бұл - үлкен еңбек пен мақсатқа деген адалдықтың нәтижесі", - деп жазылған хабарламада.