Қазақстандық жасөспірімдер семсерлесуден әлем кубогының жүлдесіне ие болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының намысын Жайлыбай Нұрмұхаммед, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Ерхан Қараман қорғады.

Финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездесті. Нәтижесінде ойын 45:35 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық семсерлесушілер жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің көшбасшысы болған Румыния құрамасын 45:36 есебімен жеңген еді.