Apple жаңа смартфондарын таныстырды: iPhone 17, iPhone 17 Pro, Pro Max және iPhone Air. Сондай-ақ AirPods Pro 3 жаңартылды, онымен бірге жаңа Apple Watch шықты.
Қазақстанда құрылғылар ресми түрде қашан сатылымға шығатыны туралы хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
iPhone 17 қанша тұрады?
Қазақстандағы ең ірі техника желілерінің колл-орталықтарына хабарластық, бірақ нақты бағаларды әзірге ешкім айтпай отыр, тіпті шамамен де. Барлығы ресми сатылым басталғанға дейін құпия сақталады.
Apple сайтында баға қандай?
Apple сайтында ресми бағалар жарияланды.
Сатылым 26 қыркүйекте басталады
Қазақстандағы ірі электроника желілері iPhone 17 сатылымының қашан басталатынын жариялады. Берілген мәліметтерге сәйкес, 26 қыркүйектен бастап қазақстандықтар жаңа гаджеттерді сатып ала алады.
"26 қыркүйектен бастап сатылымда: iPhone 17, iPhone 17 Pro және Pro Max, iPhone Air, сондай-ақ жаңа Apple Watch үлгілері Series 11, Ultra 3 және SE 3. Apple әлеміне толықтай кіру үшін AirPods Pro 3-те ұсынылады", - делінген танымал техника дүкенінің хабарламасында.