Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы қандай азық-түлікті көп тұтынатыны бойынша мәліметтерді жариялады.
"2025 жылы бұған дейінгі жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткіші өскен", - деп жазылған хабарламада.
Орта есеппен жан басына шаққанда бір айдағы тұтыну көлемі мынандай:
картоп – 3,8 кг
1-сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг
сиыр еті – 2,1 кг
алма – 1,6 кг
құмшекер – 1,5 кг
күріш – 1,4 кг
шикі сүт – 1,1 литр
айран – 1 литр
жұмыртқа – 17,6 дана
макарон өнімдері – 0,9 кг
жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг
қара шай – 0,1 кг
Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі, дейді статистика мамандары.
Көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы көлемін үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады.