Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл әлеуметтік желілерде Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуін сақтап қалудың маңыздылығы туралы жазба жариялап, "айқын нәрселерді соңғы рет түсіндірді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл ретте Еркін Әбіл хейтерлерге оны білімсіз деп айыптамас бұрын мектептегі жаратылыстану курсын қайталап, уақыт белдеулерін түсінуі керек екенін айтты. Оның жазбасына қазірдің өзінде 900-ден аса пікір жазылған.
Депутаттың Бірыңғай уақыт белдеуінің пайдасы туралы негіздемесіне оқырмандар қарсы пікір қалдырды және дәлелдері жеткіліксіз екенін айтты. Пікір білдірушілер Алматыдағы уақыт GMT+6 болуы керек және адамның биологиялық ырғағы мен электр энергиясын үнемдеу үшін міндетті түрде жаз/қыс мезгіліне көшу қажет екенін атап өтті, сондай-ақ күн сәулесін барынша ұтымды пайдаланудың маңыздылығын тілге тиек етті.
Еске салайық, Еркін Әбіл алғашында тіпті жеке Қостанай облысын табиғи уақыт белдеуіне көшіруге қарсы болған. Алайда, ол депутат болған соң бүкіл ел бойынша бір сағаттық белдеуге көшу туралы ұсыныс жасап, ол қолдау тапты.