2024 жылғы сәуірде Бюро барлық ірі, сондай-ақ орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде) кәсіпорындардың 30 пайызы іріктеп қоса алғанда, бүкіл ай бойы жұмыс істеген қызметкерлерге есептелген жалақы мөлшері бойынша жыл сайынғы зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық статистика мәліметіне сілтеме жасап.
2024 жылдың сәуіріндегі нақты жалақы туралы мәліметтер барлық қосымша төлемдерді, сыйақыларды, салықты және зейнетақы аударымдарын есепке алып көрсетілген.
Қызметкерлердің жалпы санында орташа айлық жалақы алушылар үлесі келесідей бөлінген:
"Зерттеу қорытындысы бойынша, 2024 жылы қызметкерлер жалақысының медианалық мәні 285 677 теңгені құрады, өткен жылы қызметкерлердің жартысы жалақы мөлшері тізбегінің орта мәнінен жоғары, ал қалған жартысы төмен алатын медиана мәні 251 356 теңге болған", - делінген хабарламада.
Қызметкерлердің жалақысының модальді мәні (ең көп таралған жалақы) – 97 557 теңге болады. Айта кетейік, 2023 жылы оның мөлшері 81 377 теңге болған.
"Басшылардың жалақы деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 11,4 пайызыға өсті. Өндірістік жабдық операторлары, көлік жүргізушілері және құрастырушылардың жалақысы 16 пайызға, ал фермерлер мен ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларында 14,3 пайызға өскен".