Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын алуға тыйым салынуы мүмкін деген болжам бар

 Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Премьер-министрдің орынбасары мәселені актуарлық есептерді көріп, әр қазақстандықтың жеткілікті жинақтары барына көз жеткізгенде ғана қолдайтынын айтты.

“Меніңше, адамның зейнетке шыққанда ең төменгі мөлшерде зейнетақы алып, кейін атаулы әлеуметтік көмек сұрап келуі дұрыс емес. Сондықтан енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры актуарлық есептеулер жүргізуі керек. Сонда ғана “қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын алуға тыйым салына ма?” деген сұраққа жауап беруге болады”, – дейді Тамара Дүйсенова.

Бұған дейін вице-министр елімізде зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петицияға қатысты пікір білдірген еді.