Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
"Күдікті, 2023 жылы Ресей Федерациясының аумағына шығарып сату мақсатында, Қазақстан аумағы бойынша акцизделетін тауарларды (темекі) сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған. Нәтижесінде, акциздік салықтың Қазақстан бюджетіне түспеген қаражат 1 миллиард теңгені құраған. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы сәуірде ол Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.