Қазақстанға қанша этникалық қазақ оралды?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың:

1 қыркүйектегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,7 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,3 пайыз және зейнеткерлер 9 пайыз болады.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,4 пайызы жоғары білімді, 29,7 пайызы орта кәсіби білімді, 52,3 пайызы жалпы орта білімді, және 2,6 пайызының білім жоқ.

"Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс,Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

Жыл басынан бері 594 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілген. Атап айтқанда, 237 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50 пайызы немесе бір отбасына 4,56 миллион теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.