Қазақстанға Оман сұлтаны мемлекеттік сапармен келеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.