Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Көлік министрілігінің азаматтық авиация комитеті жаздың бірінші күнінен бастап жаңа әуе компаниясының алғашқы рейсін жасайтынын хабарлады.
"Биыл 1 маусымнан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің "Air Arabia Abu Dhabi" жаңа әуе компаниясы кіреді. Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек", - делінген ресми хабарламада.
Жаңа компания "Абу-Даби – Алматы" бағыты бойынша аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері тікелей рейстерін орындауға мүдделі.