Қазақстанның 2 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Қазгидромет Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылдың 6 қыркүйегінде Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.