Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарын аттестациялаудың жаңа ережесі бекітілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа ережеге сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын әскери арнайы оқу орындары ведомстволық бағынысына қарамастан бес жылда бір рет мемлекеттік аттестациядан өтеді.

Аттестациядан өтетін оқу орындарының тізімін уәкілетті орган бекітіп, оны ресми интернет-ресурста жариялайды.

Ал жаңадан құрылған әскери жоғары оқу орындары алғашқы аттестациядан алғашқы түлектерін шығарғаннан кейін бір жыл ішінде өтуге міндетті.

Мемлекеттік аттестация барысында бірнеше негізгі бағыт тексеріледі.

Атап айтқанда:

Құжатта мемлекеттік аттестацияның басты мақсаты оқу орындарының заң талаптарына және жоғары әрі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкестігін анықтау екені көрсетілген.

Оқу орындары аттестацияның басталатыны туралы бір ай бұрын хабардар етіледі, ал тексеру мерзімі 7 жұмыс күнінен аспайды.

Мемлекеттік аттестацияны өткізу үшін уәкілетті орган әскери жоғары оқу орнының білім беру қызметіне объективті баға беретін арнайы комиссия құрады.

Білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес даярлық деңгейін анықтау мақсатында бакалавриат және магистратураның бітіруші курс студенттері арасында білім нәтижелерін бағалау үшін арнайы білім тексеру өткізіледі.

Бұл тексеру нәтижелері студенттердің дайындық деңгейін бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі болып саналып, мемлекеттік аттестация материалдарына енгізіледі.

Комиссия аттестация барысында зерттелген барлық бағыттар бойынша бақылау нәтижелерін жинақтап, мемлекеттік аттестация қорытындысын әзірлейді.

Аттестация нәтижесі бойынша комиссия алқалы түрде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

Қорытынды негізінде уәкілетті орган 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей әскери жоғары оқу орнының мемлекеттік аттестациядан өткені немесе өтпегені туралы бұйрық шығарады.

Аттестация қорытындысы туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Бұл бұйрық 8 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.