Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазгидрометтің дерегінше, Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ал Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болмақ.
Күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында кей уақытта қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Алматының өзінде күндіз кей уақытта қатты қар жауып, тұман басады. Қонаев қаласында да тұман, көктайғақ болады.
Бұдан бөлек түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман басады. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында да тұман болады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Абай және Шығыс Қазақстан облысының орталығында күндіз қатты қар жауып, жел соғады.
Қарағанды және Ұлытау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде солтүстігінде, оңтүстігінде тұман басады.
Ал түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.