Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды

Қазақстанның сұрауы бойынша Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген Д. ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, Германияның құқық қорғау органдары іздеуде жүрген адамды анықтап, қамауға алған.

Tengrinews.kz дереккөзінің мәліметінше, ұсталған адам - Мақсат Дүйсенов.

Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланғанын растады.

Автор: Caravan.kz