Қазақстанның халықаралық аренда суверенді рейтингі өсті

Агенттік сарапшылары елімізде экономикадағы диверсификацияның күшейгендігін тіркеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл қуанышты жаңалықпен қаржы маманы Айбар Олжаев бөлісті.

Экономиканы либерализациялау, мемлекеттің араласуын қысқарту мен ең бастысы, демонополизация - осы үш фактор халықаралық рейтинг агенттігінің бізге қатысты жағымды шешіміне әсер етті. Оған қоса, мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы прогрес атап өтілді.

Сонымен қатар, есепте Қазақстан экономикасының құрылымындағы мұнайға қатысты емес сектор үлесінің ұлғаюы туралы айылған тұсы бар. Бұл мемлекеттің шикізат тәуелділігінен арылып, өндірістік секторға бәс тігуі орынды әрі тұрақты шешім болатынын аңғартады.

Біздің мемлекет Орталық Азиядағы инвестиция қарқыны жоғары ел екені жаңалық емес. Міне, Moody's сарапшылары мемлекеттің іскерлік климатты жақсарту мен инвестицияларды тарту бойынша қабылданған шаралар негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалап отыр. Агенттіктің пікірінше, жүргізіліп жатқан реформалар елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.

Келесі кезекте көлік-логистикалық секторды дамыту Транскаспий халықаралық сауда бағыты бойынша жүк транзиті саласындағы белсенділіктің жылдам өсуі де экономикаға оң әсер берді.

Енді біз S&P мен Fitch сынды ойыншылардың Қазақстанға қатысты рейтингті өсіруін күтеміз. Рейтингтің өсуі экономикалық және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, елдің халықаралық аренадағы беделін жақсартуға үлкен қолдау береді. Мемлекетте жасалып жатқан жұмыстардың халықаралық деңгейде оң бағалануы расымен қуантарлық жағдай.