Жамбыл облысында әскери бөлімнің күзет басшысы оқ жарақатынан қаза тапты

Бұл ақпаратқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, әскери бөлімнің қарауыл бастығын қарамағындағы қызметкер атып алған. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

ІІМ Әскери-тергеу департаменті әскериленген күзеттің азаматтық қызметкері қаза тапқанын растады.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралардың нәтижесінде анықталады", – деп хабарлады ІІМ.

Автор: Caravan.kz