Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«5 қарашада батыста, 6 қарашада солтүстікте, 6-7 қараша күндері республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанып отыр. Тек 5 қарашада солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда жауын-шашынсыз күн райы болады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кезеңнің соңына қарай ауа температурасы төмендейді: түнде -3 градустан +5 градусқа дейін, таулы аймақтарда -8 градус, күндіз 0-7 градус аяз, таулы аймақтарда -2 градусқа дейін төмендейді.