Қазақстанның теміржол машина жасаудағы өндірісі 22,5%-ға өсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, бүгінде сектордың машина жасаудағы үлесі 13%-ды құрап отыр. Салада 60 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 8 мыңнан астам адам еңбек етуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 22,5%-ға өсіп, 734 млрд теңгеге жетті.

«Отандық машина жасау саласының басым бағыттарының бірі – теміржол машина жасау секторы. Бүгінде сектордың машина жасаудағы үлесі 13%-ды  құрап отыр. Салада 60 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 8 мыңнан астам адам еңбек етуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 22,5%-ға өсіп, 734 млрд теңгеге жетті. Жалпы соңғы бес жылда вагон паркін жаңартуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде салада инвестицияның өсуі байқалады. Соның нәтижесінде Wabtec, Alstom және Stadler секілді жетекші әлемдік компаниялар Қазақстанда өз өндірістерін орналастыруда. Өнімнің жекелеген түрлері бойынша локализация деңгейі 35-40%-ға жетті», —  деп атап өтті министр. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің сөзінше локализацияны одан әрі дамыту отандық компаниялармен кооперацияны кеңейтіп, жаңа қосалқы бөлшектерді игеру және бірлескен өндіріс құру арқылы жалғасуда.

Жалпы осы жылғы 5 салада вагондардың барлық түрлері бойынша оң динамика байқалуда. Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда кемінде 9%-ға, ал жекелеген өнім түрлері бойынша 1,7 есеге өсті. Жалғыз локомотив өндірісінде 17,5%-ға төмендеу байқалады. Алайда жыл қорытындысы бойынша салада өткен жылдың деңгейі сақталып, басқа өнім түрлерін өндіру есебінен өсім күтілуде. Саладағы өсімге соңғы жылдары жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалар елеулі үлес қосты.

Өткен жылы Астана қаласында жылына 100 жолаушылар вагонын шығаратын «Stadler Kazakhstan» зауыты іске қосылды. Зауыт екі мың отызыншы жылға дейін «Қазақстан темір жолы»-мен 557 вагон жеткізу келісімшартын жасасты. Биыл теміржол бағыттарында жолаушыларға қолайлы жаңа вагондар пайдалануға беріледі. Олар заманауи технологиялармен жабдықталған. Негізгі жобалардың тағы бірі – «ЗИКСТО» зауытында жолаушылар вагонын өндіру. Бүгінде зауыт жылына 200-ге жуық жолаушылар вагонын шығаратын жетекші отандық кәсіпорындардың бірі. Сонымен қатар 2026-2027 жылдары өндірісті жаңғыртуға және өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған құны 24 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жоба арқылы шамамен 475 жұмыс орны ашылып, отандық вагон жасау саласындағы локазизациялау деңгейі артады. Министрдің мәліметінше биылдан бастап теміржол бағыттарында жаңартылған жолаушылар вагондары қолданылуда. 

«Өткен жылы Атырау облысында жылына 6 мың жүк вагоны мен цистерна шығаратын вагон жасау зауыты іске қосылды Кәсіпорын сертификаттаудан өтіп, биыл алғашқы 70 вагон шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар локализациялау деңгейін арттыру мақсатында аталған инвестор жылына 60 мың тонна бөлшек шығаратын құю зауытының құрылысын бастап кетті. Зауытты 2027 жылы іске қосу жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Семей машина жасау зауытында» жылына 600 жартылай вагон шығаратын жаңа өндірістік желі іске қосылды. Және де Екібастұз қаласында дайын теміржол техникасы мен қосалқы бөлшектер шығаратын кәсіпорындар кластері құрылды. Аталған кластер аясында жылына 160 мың дайын өнім шығаратын бандаж кешені пайдалануға берілді», —  деп атап өтті министр. 

Саланы дамытудың тағы бір маңызды бағыттарының бірі – локомотивтерге сервистік қызмет көрсетуді локализациялау. Осы бағытта Alstom компаниясымен бірлесіп өңірлерде сервистік инфрақұрылым салынып жатыр. Инвестициялық келісім аясында Астана, Алматы, Шу және Арыс қалаларында 4 сервистік орталық салу жоспарланды. Бүгінде Алматы мен  Шу қалаларындағы орталық пайдалануға берілді. Астана мен Арыстағы нысандардың құрылысы жалғасуда. Осы жоба арқылы 700 жаңа жұмыс орны ашылып, локомотивтерге толық циклді техникалық қызмет көрсету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Вагон паркін жаңарту, отандық машина жасау саласын дамытумен тығыз байланыста жүзеге асырылуы қажет.  

«Осыған байланысты келесі шараларды қарастыру ұсынылады: Бірінші. Отандық тауарды басым тәртіппен сатып алу тетігін пысықтау қажет. Екінші. Қазіргі таңда отандық өндірушілерден вагон сатып алу кезінде пайызды субсидиялауға бөлінген қаражат көлемі төмен болғандықтан қаржыландыру мәселесін қайта пысықтау қажет деп санаймыз. Үшінші. Отандық өндірістерді тұрақты тапсырыспен қамтамасыз ету үшін ұзақмерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу мүмкіндігін қарастыру қажет», —  деп атап өтті министр. 

Министрлік елміздің экономикалық өсімін қамтамасыз ету шеңберінде теміржол машина жасау саласын дамытуды жалғастырады.