Қазақстанның ТМК кәсіпорындары жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыруға 530 млрд теңге инвестициялады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Министрлік Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Кен өндіру саласында өнеркәсіп қауіпсіздік талаптары Жер қойнауы туралы кодексте бекітілген. Аталған заңнамаға сәйкес әр жер қойнауын пайдаланушы кен өндіру жоспарын төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келісуі тиіс.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес металлургия саласында жаңғыртуды қажет ететін 50 ірі кәсіпорын айқындалған. Осы кәсіпорындардың жұмысын бақылау үшін Техникалық қайта жарақтандыру бақылау картасы әзірленді. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап кәсіпорындар өндірісті жаңғыртуға және техникалық жабдықтарды жаңартуға 550 миллиард теңгеден астам инвестиция салды. 

Қазірде ірі металлургия кәсіпорындарында өнеркәсіп қауіпсіздік деңгейін арттыруға және адами фактордың әсерін төмендетуге бағытталған заманауи цифрлық шешімдер қарқынды түрде енгізілуде. Мәселен, ERG компаниясында Дон кен байыту комбинаты шахталарында персонал мен жер асты көлігін позициялау жүйесі енгізілген. Сонымен қатар, тәуекелдерді басқару және оқиғаларды талдауға арналған бірыңғай AI-платформасы құрылуда. Қауіпті аймақтарды бақылау және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін machine vision және бейнеаналитика технологиялары қолданылуда. Сондай-ақ техниканы қашықтан басқару, карьерлердің тұрақтылығын, өрт қауіпсіздігін, желдету мен газ ортасын мониторингтеу жүйелері енгізілуде.

«Қазақмыс» корпорациясында техникалық қайта жарақтандыру мен цифрландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында 2031 жылға дейін тау-кен техникасын, желдету жабдықтарын жаңарту және металлургия өндірістерін жаңғырту жоспарланып отыр. Сонымен қатар жер асты радиобайланысын, персонал мен техниканы позициялау жүйелерін, автоматтандырылған медициналық бақылауды, желдету мен газ ортасын бақылауды, геомеханикалық және сейсмикалық мониторингті, бейнеаналитика мен жасанды интеллект технологияларын қамтитын бірыңғай цифрлық қауіпсіздік жүйе қалыптасуда», — деді министр.

Qarmet компаниясынның шахталарында персоналды бақылау және позициялау жүйелері, сондай-ақ конвейердегі автоматты өрт сөндіру жүйесі жұмыс істейді. Рудниктерде өндіріс процестер цифрландырылып, карьерлердің 3D-модельдерін жасау үшін пилотсыз аппараттар қолданылуда. Байыту фабрикаларында заманауи басқару жүйелері мен роботтандыру элементтері енгізілуде. Сондай-ақ қауіпті жағдайларды автоматты анықтау, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және тәуекелдерге жедел әрекет ету үшін жасанды интеллект пен бейнеаналитика технологиялары қолданылуда. Бұл цифрлық шешімдер өндірістік процестерді нақты уақыт режимінде бақылауға, апат пен жарақаттардың алдын алуға, адам факторын азайтуға және тәуекелдерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Министрлік алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, құзыретіне кіретін барлық салаларда өнеркәсіп қауіпсіздігінің заманауи стандарттарын кезең-кезеңімен енгізетін болады.