Қазақстанның уран қоры қаншаға жетеді?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Серғазиннің айтуынша, елімізде шамамен 1 миллион тонна табиғи уран бар және бұл көлем ұзақ мерзімді қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жеткілікті.

"Уран біздің ұлттық атом электр станцияларын қамтамасыз етуге жеткілікті болады. Бүгінде уәкілетті органның ресми ақпараты бойынша шамамен 1 миллион тонна табиғи уран қоры бар", - деді Серғазин Сенат кулуарында.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Финляндиямен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті. Онда екі атом станциясы жұмыс істейді және уран жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған.

"Қор 60 жылдан аса уақытқа жетеді" - деді агенттік өкілі.

Айта кетейік, ресми деректерге сәйкес, уран қоры бойынша Қазақстан әлемде Австралиядан кейін екінші орында тұр.