Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы 14 қаңтарда "Қазақтелеком" басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді.
"Министр болған кезімде Қазақстандағы телекоммуникация саласы тым монополияланғанын айтып жүргем. Мемлекет басшысы да экономиканың негізгі салаларын демонополизациялау қажеттігін бірнеше рет айтқан болатын. Бүгін "Қазақтелеком" АҚ "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясындағы 100% үлесін Катардың Power International Holding холдингіне сату бойынша мәмілені аяқтағанын қуана хабарлаймын", - деп жазды ол Telegram-каналында.