Қазақты шариғатпен емес, әдет-ғұрыппен басқарған

Осыдан бірнеше жыл бұрын “Муфтият өзін вахабо-сәляфиттерден ажыратып алмаса, қоғам түбінде оларды саляфиттермен бірге ысырып тастайды. Осындай мақаланы Рүстем Әшетаев жариялаған, деп хабарайды Caravan.kz медиа порталы.

Муфтият қазір өздерінің іс-әрекеттерін ақтаумен, өздерініңкін шариғат бойынша дұрыс екендігін дәлелдеуге ұмтылуда.

Бірақ муфтиятқа жармасып іш-бауырына кіріп алған вахабо-саляфизмнен өздерін толық ажыратып, оларды қоғаммен бетпе-бет жеке қалдырмайынша, қоғам тарапынан саляфиттерге бағытталған негативтен олар да бірге “таяқ жегені” жеген.

Муфтият өздерінің қолданыстағы сөз тіркестерінен “Ханафи масхабы” деген сөзді шығарып, орнына “Матриди масхабы(түсінігі)” деген сөзді қолдануды бастауы керек. Сол кезде ғана сәләфиттер өздері-ақ муфтияттан бөлінеді.

Өйткені қазіргі талас тартыс түбінде шариғат үшін болып жатқан жоқ. Керісінше сенім мен иман деңгейінде болып жатыр. Ал оны сіздер адамның іс әрекетіне жауап беретін шариғатпен шешкілеріңіз келеді.

Олай мүмкін емес.

Енді келіп вахабо-саляфизмнен тітіркеніп қарсылық көрсетіп жатқан қоғамды “Дінге қарсылар етіп” көрсетуге ұмтылып жатқандайсыздар. Ол түбінде қоғамды екіге бөлуге алып келеді. Муфтият пен вахабо-саляфиттер бір жақ, зайырлы қоғам бір жақ болып.

Ал сіздер өздеріңізден “келте балақтарды” аластатсаңыздар, мәселе керісінше болады. Яғни муфтият пен зайырлы қоғам бір жақ, вахабо-сәляфиттер екінші жақ болып.

Сол кезде ғана қоғам айырады нақты кімді “Ұру керектігін”.

Қазіргі кезде сіздер үшін ең дұрысы - қоғамның күшін вахабо-сәләфизмге қарсы бағыттауға ұмтылуларыңыз керек!

Ол үшін сәләфизмді әшкерелеу күресінде сіздер қоғамды соңдарыңызға ертіп, алдыңғы шепке өздеріңіз шығуларыңыз керек.

Өйткені сіздер дінге жауап беретін мекеме бола тұра, неге күмәнді діни топ өкілдерімен мектеп директорлары алысуы керек?!

Неге ЖОО-дағы ректорлар алысуы керек?

Олар ондай топтардың сенімін өзгерте алмайтыны белгілі бола тұра, біз неге оларға жүктеуіміз керек?

Сондықтан сіздер вахабо-саляфизіммен күресте өздеріңіз алдыңғы шепке шықпаған жағдайда, алдағы 5 жылда қоғам сіздерді сәляфиттермен бірге өз өмірлерінен ысырып тастайды. Бұл тек уақыт еншісіндегі дүние.