”Қазақты Сталин қырған жоқ. Қазақ бір-біріне “донос” жасап, өзді-өзін қырды” - Сәуле Әбілдаханқызы

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”37-38 жылдары қазақты Сталин қырған жоқ… қазақ бір-біріне "донос" жасап, өзді-өзін қырды… ағайын, туыс, дос, жекжат, көрші-қолаң…

Қаладағы әр "домда", кемінде, бір-екі шолақ белсенді болады, қазіргі "көлігін 6 минут қыздырды" деп видеоға түсіріп гаиға жіберіп, штраф төлеттіріп отырған "доносщиктер", іріткілер, құмалақтар солар… олардың жұмысы сол - айдап салу, қазақты ұйытпау, ұйыған қазақты іріту…. ондайлар саяси топтардың, партиялардың ішінде де міндетті түрде болады”, - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.