Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол отандық журналистерге берген сұхбаттарының бірінде мәлімдеді.
"Интернетті қарасаң қазақтың басқа жұмысы жоқ сияқты. Біреу-біреумен ажырасып кетіпті, біреу біреумен ойнастық қылып қойыпты. Сондай бір болмайтын әңгіме ғой бәрі. Мен білмеймін, оқымаймын.
Бірақ одан құтыла алмайсың. Ашып қалсаң, тарақан сияқты алдыңнан шыға береді. Қашып құтыла алмайсың, бірақ байқап қарасаңыз, қазақта басқа проблема жоқ сияқты.
Мен білетін пәлсафа мынадай - ораза, намаз тоқтықта дейді. Сен ең алдымен қашап, гайканы бұрап үйрен. Содан кейін пәлсафа шығады өзінен өзі. Жатпай, тұрмай жұртқа ақыл айтудың керегі жоқ.